Имандылық жүрекке орнығуын тілесек – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Имандылық жүрекке орнығуын тілесек» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған адамгершілік туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 763
Имандылық жүрекке орнығуын тілесек,
Әліпбиден бастайық, ежіктеуден қашпайық,
Әр елде ашқан сауатын, сол елде қаққан қанатын,
Діни әлем көгінде шығарар әркім өз атын...
Әркімнен жиған ілімнің, тауыса алмай қиғашын,
Дүбәра халқым жаутаңдар,
жәрдем ет, Алла, шын датым.
Санаға салмақ түсірер, піспеген нәрсіз жемістей,
Жаңылысқан қадамдар, шалынысқан жарандар,
Құбыла іздеп сабылған, төрт жағы түгел теріскей,
Сүйретілдік жатқа еріп, сірісі үлкен кебістей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері