Неге ұлиды – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Неге ұлиды» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Бөрі дейді, қасқыр дейді, жыртқыш дейді,
Жан-жақтан күстәналап түрткіштейді.
Жаратқан бір тағының түрін солай
жаратса, жүре берсін жыртқыш мейлі!
Жортады түз тағысы жөніменен,
Санасып кім көріпті оныменен.
Нәпақасы кезіксе жортқан жолда,
Жемтігі жолыққаны сорыменен.
Ит-құстан адам ерек көрінер ед...
Соғып ап, мақтанбаса тоныменен.
Бір тағыны бір тағы ұрып алар
Озбырлық жәйлі таласпа, меніменен!
Әр мықты түп-түбінде бір құриды,
Қу мүрде топырақта бір шіриді,
Мықты болса, көкбөрі айға қарап...
Жаныңды түршіктіріп неге ұлиды?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері