Өлең, жыр, ақындар

Өкініш пойызы

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 613
Мені кейде
Сұм Өкініш пойызы
Өткен күнге — мезгілдің
Перронынан
Жұлып алып кетеді;
Өткен күнге ентелеп —
Кіре-кіре
Ақыры
Өрттей ыстық өкініш
Жанды қарып кетеді.
... Қарашы енді,
Осы ғана жерде бір,
Қайран Уақыт
Өліп қалыпты,
Мына жерде
Зат есім,
Мына жерде
Сын есім,
Әне жерде
Жалғыз-ақ
Әріп қалыпты.
Әне жерде Шылауың,
Әне жерде Одағай,
Әне жерде шалағай...
... Қайта түзеп кетуге
Қайда менің шамам-ай...
Шпалдардың тістерін
Опырып-ақ жіберер
Мына жерде айтылған
Зілдей ауыр кетті сөз;
Жүрегімді айнытар
Мына жерде айтылған
Сол бір сұмпай
Тәтті сөз.
... Құдайым-ай, құдай-ай,
Мына жерде құйылып
Қалай-қалай сайраймын, –
Соны есітіп —
Ұяттан! –
Бармағымды шайнаймын...
... Қарап тұрсам бәріне
Досың жылап,
Күншілдің
Қанады ғой айызы:
Ақ боран мен борасын,
Сақылдаған аяздың
Арасынан өтетін
Жылуы жоқ ешқандай
Қандай суық еді бұл
Өкініштің пойызы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлазу

  • 0
  • 0

Жүздеген жылдар бойы
Жыладым!
Ғасырлар бойы
Жыладым!

Толық

Көк Түрік батыры өлгенде әйелінің жоқтауы

  • 0
  • 1

Оң жақтағы
Айым құлады.
Сол жақтығы
Күнiм тұтылды.

Толық

Тыныштық туралы ой

  • 0
  • 0

Неткен тыныштық!
Торғайдың
Дәнді шоқығаны,
Өрмекшілердің

Толық

Қарап көріңіз