Пендешілік қорқыныш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Пендешілік қорқыныш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 851
Өзіңді өзің
Тығырыққа тіреп
Өкінішіңді ойласаң
Көп күн өледі...
Кей кезде менің
Тәнімді жерге қалдырып
Жаныммен бірге
Аспанға ұшып
Кеткім келеді.
Кеткім келеді! –
(Қорлық пен зорлыққа
Қандай бір
Жан шыдапты) –
Бірақ та
Аспан жақта да
Мені сыйғызбай
Қуып жіберер
Тағы бір оңбаған
Бар сияқты...
Е, Құдай, кешіре гөр,
Қорқып қалғам ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері