Ауылдағы ағалар

Бұл бетте «Ауылдағы ағалар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2129
Ауылдағы ағалар, армысыңдар?
Дарқан көңіл қалыпта бармысыңдар?
Өздеріңді ойласам сағынышпен,
Көз алдыма келеді қарлы шыңдар.
Бұлақ болып бір тынбай ағасыңдар,
Барар жерді бұлжытпай табасыңдар.
Елдік пенен жаралған ерлік үшін,
Жандарыңда жаз жайлау жарасым бар.
Қысылғанда – қамқоршы панасыңдар,
Адасқанда – жол сілтеп бағасыңдар.
Дастарқанға шашылып бар асылдар,
Барған сайын шабылып қаласыңдар.
Кезек-кезек шақырып, қонақ қылып,
Сыйластықпен қуана қол ап тұрып,
Қимастықпен шығарып саласыңдар,
Ықылыспен от құшақ орап тұрып.
Өмірлері өнеге, жатқан аңыз,
Ағаларға ардақты мақтанамыз.
Алдарына аңсап бір барған сайын,
Айрықша бір сезіммен аттанамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдағы ағалар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ауылдағы ағалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылдағы ағалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылдағы ағалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері