О, дүние – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «О, дүние» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1363
О, дүние, салма ойымды әлекке,.
Менің тіпті көлеңкемнен дәметпе.
Салтанатты осы өмірдің меншігі –
Жарайтұғын нәрсем болса әжетке.
О, дүние, ойлап сені не етемін?
Жарқын өмір – менің нұрлы мекенім.
Бәрі осында – дұшпаным да, досым да,
Мен оларды тастап қайда кетемін?
Достарыммен жарасамын, жарысам,
Дұшпаныммен қағысам да табысам.
О, дүние, өкпелеме, аулақ жүр,
Тіршіліктің мәні осы, танысаң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, дүние өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

О, дүние өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, дүние өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, дүние өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері