Тырнақтай меңі болған соң – Дулат Бабатайұлы

Бұл бетте «Тырнақтай меңі болған соң» атты Дулат Бабатайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 5
  • 20237
Тырнақтай меңі болған соң,
Тарлан тартып оңған соң,
Түгіне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқай болмай, қылаң ба?
Ту ұстап, тұлпар жаратпай,
Алдынан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жәй отындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел, ұлан ба?
Ақсақ Темір көреген,
Азуын айға білеген,
Дұшпанын саздай таптаған,
Досын майдай сақтаған,
Алтын діңгек секілді,
Патша өткен Тұранда.
Азғын тартып шүйіліп,
Қасиеті жойылып,
Онан соңғы хан мен бек
Аталыдан азғын тек
Суалып қалды қараңға.
Елді судай сапырған,
Белшесінен батырған,
Шілдеде мұзды қатырған,
Толыны төгіп шайқаған,
Берілді тізгін ылаңға.
Құрт жегендей қуарып,
Дәнің тандыр суалып,
Елдігің кетіп ыдырап,
Алтын жағаң сөгіліп,
Абыройың төгіліп,
Барыңнан да жақсы еді,
Жоқ болғаның мұнан да.
Құзды кемең еткенмен,
Өткелдектен өткенмен,
Қарауыл салып өргенмен,
Сақтанса да мергеннен,
Ажалды оқтан құтылмас
Сақсынғанмен бұлан да.
Екпіні желдей есілген,
Төрт аяғы көсілген,
Ажалдың құрған шебінен,
Аса алмайды шегінен
Қыр тағысы құлан да.
Мекен ғып құздың қиясын,
Бұлтқа салып ұясын,
Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың,
Жерге қонбай ұша алмас
Көк еркесі қыран да.


Пікірлер (5)

тұрсынжан

Өлеңдері.өте.уытты.жалынды.қуатты.жақсы.екене

инжу

оте кушти екен и тусиникти

Меруерт

Күшті

Маржан

Оте киын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тырнақтай меңі болған соң өлеңінің авторы кім?

Дулат Бабатайұлы — осы өлеңнің авторы.

Тырнақтай меңі болған соң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тырнақтай меңі болған соң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дулат Бабатайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тырнақтай меңі болған соң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері