Сыйлық алғанда – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сыйлық алғанда» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1538
Сыйлығың құтты болсын, жерлес ақын,
Ешкімге бас бәйгені бермес ақын.
Қыз түгіл, жігіттердің арасында
Жоқ дегем Күләш қызға теңдес ақын.
Орнықты ойларымен ерен мығым,
Бұл сөзді Сәбит айтқан менен бұрын.
Кеші жоқ игіліктің деген рас,
Жемісін сол ойлардың көрем бүгін.
Айтыста Ұлбике апаң төске өрлесе,
Күләшім қара өлеңде дес бермесе,
Мен неге шалқып-тасып мақтанбаймын,
Өзгелер ескермесін ескермесе.
Жанымды ұғынбаған жан ағайын,
Мен бір жан жапанда өскен дара қайың.
Ойым жоқ ешкімді де қаратайын,
Күндерім өтіп жатыр қарапайым.
Менің де қанатым бар қағатұғын,
Менің де биігім бар алатұғын.
Айтқандай Мұқағали Фаризаға,
Бұл саған мұңым емес шағатұғын.
Біреулер шабақ ілсе қара судан,
Тайынбас кит алдым деп таласудан.
Мен неге шалқып-тасып мақтанбаймын,
Шын талант шығып жатса Таласымнан.
Бұл сыйды билік емес, халық берген,
Теңдессіз талантыңды танып көрген.
Қызғалдақ қыз да болсаң нәзік жанды,
Өзіңнің алып күшің алып берген.
Сыйлығың құтты болсын, жерлес ақын,
Ешкімге бас бәйгені бермес ақын.
Өнердің аспанында жұлдыз болып,
Жарқырап жана берсін сөнбес атың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыйлық алғанда өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сыйлық алғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыйлық алғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыйлық алғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар