Шыңдағы шынарым-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шыңдағы шынарым-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6741
Әнін жазған Гүлнар Дәукенова

Түсіме енесің де,
Жақындап келесің де,
Кетесің сағымданып,
Әлде бұл елесің бе?
Мен жалғыз қала берем
Махаббат кемесінде,
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!
Тәнімді тербегендей,
Жанымды емдегендей.
Бір күш бар таңғажайып,
Сен десе селдегендей.
Бейтаныс бақыт құсым,
Сезінші сен де мендей.
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!
Бір шың бар арамызда,
Бір сыр бар санамызда.
Тек сырттай ғашық болып,
Тіл қатпай қаламыз ба?
Табысып әлде біздер,
Бақытты боламыз ба?
Шыңдағы шынарым-ай,
Қол жетпес құмарым-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыңдағы шынарым-ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шыңдағы шынарым-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыңдағы шынарым-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыңдағы шынарым-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері