Мысық пен тышқан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мысық пен тышқан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3019
Қол ұстасып бәріміз
Үй маңында дөңге кеп,
Шалқып шаттық әніміз,
Тұра қалдық дөңгелеп.
«Мысық пенен Тышқанды»
Ойнамақ боп келістік.
Бірақ, таппай «Тышқанды»,
Сол заматта керістік.
– Түсіп қалма қармаққа,
Сен – Тышқансың, қашасың, –
Деген едік Талғатқа,
Алды ол жұрттың мазасын:
– Мысық деген пәле епті,
Жеп қояды мені, – деп,
Талғат салып әлекті,
Қоя берді еңіреп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысық пен тышқан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мысық пен тышқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мысық пен тышқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысық пен тышқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері