Қайран заман-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қайран заман-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 3156
Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Не жетсін алтын өмірге,
Сайран заман-ай.
Не жетсін жарқын көңілге?
Отырайықшы әр үйде,
Тамаша-думан төрінде,
Қайран заман-ай.

Қайырмасы:
Көңіліңді көтерер,
Сайран заман-ай.
Күміс күлкің шекер,
Қайран заман-ай.
Бәрі бастан өтер,
Сайран заман-ай.
Қуғанмен кім жетер,
Қайран заман-ай.

Не жетсін ойнап-күлгенге,
Сайран заман-ай.
Не жетсін бірге жүргенге,
Өмірің келте білгенге,
Өтер де кетер бір демде,
Қайран заман-ай.

Қайырмасы:

Көрінсін таңың көркем боп,
Сайран заман-ай.
Жайылсын жаның желкен боп,
Елітсін әнің еркем боп,
Бүгінгі жалын – ертең шоқ,
Қайран заман-ай.

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Айару

Емес Қайран заман асау құлын деген ғо????????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран заман-ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қайран заман-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран заман-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран заман-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері