Өлең — сөздің данасы – Бұқар жырау

Бұл бетте «Өлең — сөздің данасы» атты Бұқар жырау жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 12.01.2016
  • 0
  • 0
  • 32642
Өлең — сөздің данасы,
Шындықтың шырақ анасы.
Жаныңның жайлы панасы,
Ойыңның өткір санасы.
Шын жолында сөйлесең,
Басыңа келер пәлесі.
Сонда да басыңды име сен,
Жазылар өлең жарасы.
Шығаннан шығар шыққанның,
Жабылар саған жаласы.
Ондайдың сөзін тыңдасаң,
Ескі даудың шаласы.
Өтірікті шын қылған
Күндестіктің хәласы.
Ақылыңа көнбейтін
Арам ойы шарасы.
Айтқаныңа жүрмейтін
Көңіліңе бүккен аласы.
Өлең ойлап есіме
Түседі қазақ данасы.
Ауыл маңын мал жесе,
Ауыл сәнін кетірер.
Елдің ішін дау жесе,
Елдің сәнін кетірер.
Көрші аралас өтпесе,
Көңілдің көркін кетірер.
Абысын тату өтпесе,
Ағайын сәнін кетірер.
Ағайын тату өтпесе,
Ұлыстың сәнін кетірер.
Бірін бірі кешпесе,
Ең соңында өштсеіп,
Қарайып қаны кектесіп,
Бірін бірі өлтірер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері