Арту-арту бел келсе – Бұқар жырау

Бұл бетте «Арту-арту бел келсе» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.01.2016
  • 0
  • 1
  • 14409
Арту-арту бел келсе,
Атан ерлер бүгіліп.
Алыстан қара, шаң көрсе,
Тұлпар шабар тігіліп.
Ел шетіне жау келсе,
Ерлер шығар түрініп.
Ел ішіне дау келсе,
Шешен сөйлер жүгініп.
Тентекпен ел бүлінсе,
Билер шешер жүгінтіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Нұрасыл

Рахмет керек еді

Осы автордың басқа өлеңдері