Мінген атың арыса – Бұқар жырау

Бұл бетте «Мінген атың арыса» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.01.2016
  • 0
  • 1
  • 16741
Мінген атың арыса,
Көз көрім жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Бір көруің зар болар.
Жаман сайға су түссе,
Өткел бермес өтуге.
Қайырымсызға мал бітсе,
Сусын бермес ешкімге.
Жаман болса алғаның,
Күнің қараң кешерде.
Қымбатты есіл бір басың
Еңкейіп кетер кеселге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

меруерт

500

Осы автордың басқа өлеңдері