Ауылым

Бұл бетте Айгүл Сәбитқызытің «Ауылым» отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.03.2019
  • 0
  • 0
  • 7526
Ауыл жайлы жазалмай көптен өлең,
Білмеймін неге екенін, көп бөгелем.
Сол ауылдың суын ішіп, шаңын жұтып,
Көгеріп көппен бірге көктеген ем.
Ауылым-алтын тұғыр бақ тұрағым,
Өзіңнен жадау жаным, тапты бағын
Төсіңде өсіп-өніп бағым тасып,
Бой түзеп, өзгелердей сап құрадым.
Ауылым-ашық болсын мәңгі аспаның.
Аспаныңда қалықтасын ән дастаным.
Төріңде ойын-сауық үзілмейтін,
Мәңгі аман болсыншы, жан достарым.
Арман мекен баптаған бала қыран,
Қатайғанша демеген қанатынан.
Ауыл жайлы ойласам сағыныштан.
Көңілімді басады ала тұман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылым өлеңінің авторы кім?

Айгүл Сәбитқызы — осы өлеңнің авторы.

Ауылым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ауылым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар