Мәнісі

Бұл бетте «Мәнісі» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1135
Атасы үнсiз,
Əжесi де үнсiз.
Папасы да үнсiз,
Мамасы да үнсiз.
Отырады меңiреу,
Адамдардай тiлсiз.
Бiр-бiрiне тiл қатса,
Сөйлеседi iшiнен.
Бөлме iшiнде жүредi,
Аяғының ұшымен.
Даладағы итi де,
Арс-арс етiп үрмейдi.
Қызыл қасқа сиыры
Мөңiреудi бiлмейдi.
Радио да самбырлап,
Сөйлемейдi, күлмейдi.
Тоқтап қалған сағат та,
Сырт-сырт етiп жүрмейдi.
Мазаны алып ызыңдап,
Ұшпайды да шыбын...
Бiлмек болсаң, балалар,
Бар мəнiсiн мұның:
Үйдегi ерке Батыр
Сабақ оқып жатыр!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәнісі өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Мәнісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәнісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәнісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері