Кепкен құрт – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Кепкен құрт» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5225
Бір бала құртқа өш,
Берместен жұртқа еш,
Құрт көріп, бас салып,
Сорды да тамсанып,
Жегісі кеп еді,
Бөлуге келмеді!
Ызадан жарылар
Баланың жайы бар.
Ашуын шақырды,
Азуын батырды!
Құрттан да тіс мықты,
Қарш етті, іс бітті!
Қара, не іс қылған,
Құрт сынбай, тіс сынған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кепкен құрт өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Кепкен құрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кепкен құрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кепкен құрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері