Жақсы көрсең апаңды

Бұл бетте «Жақсы көрсең апаңды» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1094
Кейде сұрай қаласың,
Балалардан бiлгiң кеп;
– Жақсы көрер анасын
Қайсы бала,
Ол кiм? – деп.
Тыңдар болсаң өздерi,
«Менмiн ғой» – деп, айтады.
Iсi менен сөздерi
Қиыспай-ақ жатады.
Өзiм айтсам бiлемiн,
Асан деймiн бiреуi,
Өйткенi оны үнемi,
Халық мақтап жүредi.
Жақсы көрген ананы
Бала болар Асандай.
Күнде «бестiк» алады,
Оқуынан бас алмай.
Ұстазынан, қарашы,
Күнде мақтау естiр көп.
Жақсы көрген анасын
Бала мiне, өстiр деп.
Жақсы көрсең, айтайын;
Сөгiс естiп тұрмасын.
Сен туралы əрдайым
Анаң мақтау тыңдасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы көрсең апаңды өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жақсы көрсең апаңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы көрсең апаңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы көрсең апаңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері