Мейірім

Бұл бетте «Мейірім» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Далада жүрген мысықты
Жас бала көрiп қалды да,
Мейiрiмi түсiп қызықты,
Көтердi қолға алды да.
Аймалап сипап басынан,
Мысықты көрсең өпкенiн.
Бiлмей де қалды қасына,
Шешесi қалай жеткенiн.
– Елжiреп, қара, тұрғанын...
Қолыңды жу, бар, жоғалғын!
Жейдеңдi аппақ былғадың,
Мысықты неге қолға алдың?!
Балконда тұрған əкесi
Шешеге бердi бұйрығын:
– Жуымас болсын екiншi,
Шықпыртшы, – дедi, – құйрығын.
Осыны көрiп көзiмiз...
Абыржып қалдық тосырқап...
Өстимiз-дағы өзiмiз,
Мейiрiмсiз деймiз жас ұрпақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейірім өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Мейірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері