Әжеге сағыныш – Сағындық Аяжан

Бұл бетте «Әжеге сағыныш» атты Сағындық Аяжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әр ізің қалған есіктің жанында,
Дәмің мен иісің тұр үйдің шаңында.
Айтылмай қалған сөздерім қапталып,
Арман боп кетті бар үміт санамда.

Сені іздеп көз тастаймын аспанға,
Елестейді бейнең ақ мамық бұлттарда.
Қиялмен ұшып, жүрекпен сөйлесем,
Тірі болсаң ғой… болар еді бәрі басқаша.

Сағыныш болып қаласыз мәңгілік,
Келерсіз бәлкім түсіме соны біліп.
Бүгін де тағы, дұға етіп жатамын:
“Жұмақта болшы, жарықта қал үміт”

Бала болдым, сізбен бірге ойнап-күлдім,
Жүрегімде естелік етіп сақтап қойдым.
Көз алдымда күліп тұрған бейнеңіз,
Ұмытылмас ешқашанда, соны ұқтым.

Сол күнді еске алсам жан сырым,
Сағыныштан шымырлайды бар тынысым.
Аспан да үнсіз жылап тұрғандай,
Төккендей көктен жүректің көз жасын.

Қиналсаңыз да – күлкімен жұбаттың,
Төзіммен талай еркелігімді ұнаттың.
Мейірім мен сабырдан өрілген жүрек,
Әжемнің бейнесі – жүректе шуақ тым.

Саусағың тиген ыдыстан дәм тарады,
Әже иісі — балалықтың самалы.
Мейіріміңмен өсіп едім мен ерке,
Алақаның – жанға шипа, паналы.

Аурухана төсегінде үнсіз жаттың,
Ақ түн де жылап, мұңға баттың.
Тамырыңмен соққан үміт сөніп,
Келмес кемеге мініп, мәңгіге аттың…


Пікірлер (1)

Жомарт

«Ажеге сағыныш» — жүректі жылытып, туғанның бойында ерекше сезім тудыратын өте шынайы өлең екен. ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әжеге сағыныш өлеңінің авторы кім?

Сағындық Аяжан — осы өлеңнің авторы.

Әжеге сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әжеге сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағындық Аяжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әжеге сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар