Жолбарыс батырдың түсі

Бұл бетте «Жолбарыс батырдың түсі» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3794
Батыр бастап жорықты,
Пана болған халқына,
Көрген түсін жорытты,
Ақылгөй ел қартына.

– Түсімде екі арыстан,
Екі қасқыр көрдім мен,
Екі түлкі көрдім мен,
Екі қарсақ көрдім мен...

– Түстің мынау байыбы:
Тітіркенткен жаһанды,
Екі арыстан, зайыры –
Ата-бабаң қаһарлы.

Екі қасқыр азулы –
Тайсалмайтын, қайтпайтын,

Өзімізбіз қазіргі
Келген жауды таптайтын.

Кейінгі ұрпақ тірлігі
Болады екен шырқы жоқ.
Алдауменен бір-бірін
Күнелтеді түлкі боп.

Ал одан соң... қарсақтай
Ұрпақ болмақ тым майда.
Қорғалақтап жан сақтар...
Айта алмаймын бұл жайда...

Қарт – кеніші ақылдың,
Айтар ойын қорытты.
Көрген түсін батырдың
Осылай деп жорыпты...

Сол қарт айтқан бұрынғы,
Түлкілерміз қазір біз.
Әккі болып жырынды
Алдауға әр кез әзірміз.

Ал қарсақтар қандай аң?
Қорықса қашқан күйінде,
Кері шықпай қайтадан,
Өледі аштан інінде.

Өмір сүрер тайсақтай,
Қарсақ болар күн алда.
Ұрпақ келсе қарсақтай,
Жойылдың де мұнан да...

Мұның аты түс екен,
«Түс – түлкінің боғы» екен.
Шынын айтсам, қанеки –
Түсте шындық жоқ екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолбарыс батырдың түсі өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Жолбарыс батырдың түсі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолбарыс батырдың түсі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолбарыс батырдың түсі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері