Мысық–тышқан – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Мысық–тышқан» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2358
Қол ұстасып тұрыстық,
Дөңгеленiп айналып.
Екiлене қуысып,
«Мысық – тышқан» ойнадық.
«Тышқан» болып Құралай,
«Мысық» болып мен шықтым.
Қуа-қуа қуалай,
Əбден өзiм тершiппiн.
Мұндай тышқын көрмедiм,
Қашты дейсiң ұшып кеп.
Шаңына да ермедiм,
Жарытпадым мысық боп.
– Тышқан құсап тырбыңдап, –
Десем де, – жəй қашсаңшы!
Құралайым жылтыңдап,
Дейдi: «аяқты бассаңшы!»
Шаршап, бiттi төзiмiм,
Ендi қайтiп ұстармын.
Не болса да өзi бiр
Жүйрiгi екен тышқанның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мысық–тышқан өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Мысық–тышқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мысық–тышқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мысық–тышқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері