Жолдас боп жүрдім талай

Бұл бетте «Жолдас боп жүрдім талай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жақсымен, жаманмен де,
Жомартпен, сараңмен де.
Жолдас боп жүрдім талай,
Адалмен, араммен де.
Жаманның кесірінен,
Қағылдым несібімнен.
Жаттан дос, жақын таптым,
Жақсының есімімен.
Жомартпен жолым болды,
Төрден сый орын болды.
Сараңнан алғаным жоқ,
Бергенім сорым болды.
Адалға сыр ақтардым,
Шер басып жылап та алдым.
Арамза алдап соғып,
Тік тұрып құлап қалдым.
Көңіл қап сараңдардан,
Алданып арамдардан.
Жүрсем де, ажыратпа,
О, тағдыр адамдардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдас боп жүрдім талай өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жолдас боп жүрдім талай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолдас боп жүрдім талай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдас боп жүрдім талай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері