Түйеасу

Бұл бетте «Түйеасу» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1970
Тік қарасаң басыңа қан үйелер,
Тек тастар бар талдай қармап сүйенер,
«Түйеасу» деп атын бекер қоймапты
Тек бұл жерден асады екен түйелер.
Асу-асу... Қайғы-шерді қозғаған,
Қырандардың қияғы жоқ тозбаған.
Бұл асуда қанды көштер қамалып,
Ботасы өліп боз інгендер боздаған.
Жазда боран арылмайды басынан,
Сусындайды бұлттардың көз жасынан.
Мен келемін күйге созып қолымды.
«Чайкаменен» аттағалы асудан.
Аруанадай асу түрі тым қызық,
Бұлттарды ол көктен аулап тұр сүзіп.
Ракеталық самолеттер өтеді,
Найзағайдай жолын оның бір сызып.
Көрсетеді төңірекке тау ызбар,
Ол туралы талай-талай аңыз бар.
Сол асуға самолетке мінгенмін,
Түйе мінген қазақ-қырғыз қарыздар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйеасу өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Түйеасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түйеасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түйеасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері