Тіршіліктің көркі - ерік – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Тіршіліктің көркі - ерік» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тіршіліктің көркі - ерік,
Адамдыққа ол серік.
Бір кірген соң қақпанға,
Қалар бұрынғы еркелік!
Ойламай барып ұрынып,
Өкінген аз ба ертелік?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Динара

Мағжан Жұмабаевтың Тіршіліктің көркі - ерік атты өлеңі ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері