Осындай өлке қайда бар? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Осындай өлке қайда бар?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2047
Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Өлкеміз бақыттың мекені,
Жазира жазық жайлауы.
Ертегі таулардың етегі,
Қызыққа толы қойнауы.

Қайырмасы:
Әр күні әсерлі ән-думан,
Төрінде жаның жай табар.
Бабалар біздерге қалдырған,
Осындай өлке қайда бар?

Қалықтап аққу мен қаз қонған,
Айдынды айна көлдері.
Көңілге сүйкімді саз қонған,
Желпінтіп өтсе жел лебі.

Қайырмасы:

Кең байтақ өрісті өлкеміз,
Жерұйық жердің көркемі.
Керемет күйлерді шертеміз,
Мадақтап өскелең өлкені.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері