Жүрші, сәулем, ауылға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жүрші, сәулем, ауылға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3913
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Ауыл – әппақ арманым,
Ауыл – әппақ таңдарым.
Бір жасарып қаласың,
Көрсең алтын,
Көрсең жарқын жандарын.

Қайырмасы:
Жүрші, сәулем,
Жүрші, сәулем, ауылға.
Ауыл деген қасиетті қауымға.
Амандасып қайтайық
Ағайын мен туған-туыс, бауырға.

Ауыл – байлық, берекем,
Жаз жайлауы кең екен.
Сәл бармасаң – сағыныш,
Ауыл – думан,
Ауыл – туған жер екен.

Қайырмасы:

Ауыл – әсем ән сарын,
Жұпар ауа – бал сағым.
Ауады да тұрады
Сол ауылға,
Сол қауымға аңсарым.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрші, сәулем, ауылға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жүрші, сәулем, ауылға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрші, сәулем, ауылға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрші, сәулем, ауылға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері