Қыз деген нәзік болсайшы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қыз деген нәзік болсайшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3018
Қыз деген нәзік болсайшы,
Жаны кең жазық болсайшы.
Жігіттің үміт күніне
Айланар қазық болсайшы.
Бір мезет күлсең, не етеді?
Жайраңдап жүрсең, жетеді.
Тым салқын, селқос қарауың,
Мені шын бүрсеңдетеді.
Қаталдық қызға лайық па?
Бұйырма мені айыпқа.
Махббат отын маздатып,
Жүректі қыздырайық та.
Көңілді манауратайық,
Өмірді алаулатайық.
Жастықтың жарқын жалынын
Жырменен жалаулатайық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз деген нәзік болсайшы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қыз деген нәзік болсайшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз деген нәзік болсайшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз деген нәзік болсайшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері