Өлең, жыр, ақындар

Сағындым

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2451
(Өмір туралы толғау)

Әнін жазған Медеу Арындаев

Балалығым, бал тілді
Ерте күнді сағындым.
Әжем айтқан сан түрлі
Етегімді сағындым.
Тайға мініп, тойларда
Шапқанымды сағындым.
Қозы-лақты жайлауда
Баққанымды сағындым.
Көбелекті көп қуған
Қырларымды сағындым.
Асық ойнап, доп қуған
Жылдарымды сағындым.
Алтыбақан тербеткен
Түндерімді сағындым.
Еркін жүріп ержеткен
Күндерімді сағындым.
Тамашалы, думанды
Ауылымды сағындым.
Ағайынды-туғанды,
Бауырымды сағындым.
Аққу, үйрек, қаз қонған
Көлдерімді сағындым.
Маңырасып мәз болған
Төлдерімді сағындым.
* * *
Ең алғашқы балалық
Махаббатты сағындым.
Ақыл айтқан даналық
Шапағатты сағындым.
Ерте өткен өмірден,
Талғауым ең тәңірдің,
Кетпес, бірақ, көңілден
Достарымды сағындым.
Ақылы кең дария
Даналықтың кешені,
Қайда кеткен кәрия,
Ақсақалдар кешегі?
Бабалардың ізі бар
Даламды кең сағындым.
Айдай әппақ жүзі бар
Анамды мен сағындым.
* * *
Қой үстінде бозторғай
Ұя салған кездер-ай.
Айтылмаған сөз қалмай,
Ұға салған кездер-ай.
Кішілері әр кезде
Үлкендерін сыйлаған.
Қайда, қайда сол кездер?
Кімдер бүгін сыйлы адам?
Ал, жігіттер бұл күнде
Салынған бос селтекке.
Не боп кеткен, шіркіндер?
Әйел ме, әлде еркек пе?
Қыздар нәзік десе де,
Айылдарын жимайды.
Әттең, әттең, көшеде
Тән сатқаны қинайды.
Ақиқатты табам деп,
Сансырадым, сабылдым.
Мынау қандай заман деп,
Аңтарылдым, аңырдым.
Қиындақ жоқ жеңбейтін,
Күдіктерден арылдым
Өмірбақи өлмейтін
Үміттерге табындым.
Жүріп өткен жолымда
Бәрін, бәрін сағындым.
Бәрі тағдыр қолында,
Бір Аллаға бағындым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер мен жырдың салмағы

  • 0
  • 0

6 000 000 000 000 000 000!
Санап шығып осынау бір таңбаны,
Алты секстрильон тонна дер
Жер шарының салмағы.

Толық

Жылан мен қозы

  • 0
  • 0

Жатты Жылан астауда,
Бар өмірге ол қас еді,
Жүрегі де тас еді,
Ой болмайтын өшпендіктен басқа онда.

Толық

Жетім жыры

  • 0
  • 0

Қалтылдап қаз тұрғаннан тәй-тәй басып,
Талпындым алаға қарай байқай басып.
Қосылып көрші-қолаң балалармен,
Ойнақтап жүгіріп кеттім айқайласып.

Толық

Қарап көріңіз