Ән жүрегім – Астана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ән жүрегім – Астана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4236
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Аралап келемін кең даламды,
Аралап келемін ен даламды,
Бағалап келемін ер бабамды,
Жер қорғаны,
Ел қорғаны.
Кең байтақ көсілген жеріміз бар,
Өркенін өсірген еліміз бар,
Айқара ашылан төріміз бар,
Келіңіздер,
Көріңіздер.

Қайырмасы:
Самғап қыраным ғарышты,
Жалғап жақын мен алысты,
Ғашық жүректер табысты.
Астана көгінде мен де,
Астана көгінде сен де,
Ән арнап егемен елге,
Қалықтай берейік.

Астана – елімнің ақ ордасы,
Астана – елімнің бақ ордасы,
Астана – жерімнің қақ ортасы,
Жер кіндігі,
Ел бірлігі.
Көңілі көктемдей ашық әр күн,
Жастары жайдары, асыл, жарқын.
Астана қаласы ғашықтардың,
Бақыт нұры,
Шаттық жыры.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән жүрегім – Астана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ән жүрегім – Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән жүрегім – Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән жүрегім – Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері