Алдардың әні

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 9080
Әнін жазған Ренат Ғайсин

Ерікті елім,
Көрікті елім
Атымды қойыпты Алдар деп.
Жігіт боп өсе,
Жібермес есе,
Өзгеше өз жолын таңдар деп.
Жігіт боп өсе,
Болдым мен көсе,
Сондықтан, мен Алдар көсемін,
Қиналған жанға
Көмегім алда,
Барам да, табанда шешемін.

Қайырмасы:
Мен – Алдармын, Алдармын,
Тура жолды таңдармын.
Керегі жоқ паңдардың,
Жылуы жоқ жандардың.
Адалдарды аңдармын,
Арамдарды алдармын.

Емеспін алдар,
Жанымды жалдар,
Алдар деп қойғанмен атымды.
Көрсетіп демеу,
Күлкіге бөлеу,
Мұңайған кездері халқымды.
Жадыра жарқын,
Жасампаз халқым,
Алдардай әзілқой ұлың бар.
Біреуге тәтті,
Біреуге қатты,
Астарлы сөзімді ұғыңдар.

Қайырмасы:

Елімде ерке
Әнімді шерте,
Күлетін жерінде күлемін.
Таңдармен бірге,
Алдармен бірге
Жасайды мәңгілік ұлы елім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдардың әні өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алдардың әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алдардың әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдардың әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері