Қағылған ұмыт болған қоңыраудай – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қағылған ұмыт болған қоңыраудай» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 511
Қағылған ұмыт болған қоңыраудай,
қалды ғой, жайсаң, жырлар, жолың болмай.
Шимайлап ақ қағаздың бетiн жыртып
өртенiп бара жатқан омырауды-ай.
Тез жет, Өлең,
ағылып мың сан тұстан,
Мен тұрмаспын кеудемдi құрсаулы ұстап.
Тиердей-ақ сусылдап жыр-сал құсқа
қораптағы папирос — патрондар
атылып жатты алдымда күлсалғышқа.
Қалды ма шимайлаған, сызған жақпай
Өлең, жоқ!
(Көкiректе ызғар жатты-ай).
Отырмын —
аспандағы бұлттардан
нәр тiлеп нәркес сөнер қызғалдақтай.
Кенеттен дауыл келдi, құйын келдi,
Төгiлдi мiне, мiне құйылды ендi.
Сапырып сабасынан кейiн шалқып
тұмшалады көрiнген қиыр белдi...
Асыр сап ақ қағазда шабыт жатты
шарпытып июнь менен июльдердi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері