Астанаға ақпан келді – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Астанаға ақпан келді» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1678
Астанаға ақпан келді,
Әлеміме сен келдің.
Тоқтата алмай соққан желді,
Сыймай үйге сенделдім.
Дегбір қашты үн қатқанша,
Бұл не деген ауыр күн?
Жұрт тұмаумен сырқаттанса,
Мен өзіңмен ауырдым.
Қызуыңыз көтерілсе –
Ол жай тұмау тигеннен.
Өзегімде от өрілсе –
Сізді құлай сүйгеннен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері