Басқа жол жоқ – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Басқа жол жоқ» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1475
(аударма)

Қар бораннан шыға алмадым,
қуанамын өлімге.
Сен алдымда бұлаңдадың,
үміт шашып көңілге.
Қара көзің қадалғанда
жанталасып бұлқынам.
Күртік қардан таң-арманға
құлап-тұрып ұмтылам.
Хан, батырлар жерде қалған
жатыр көзі жұмулы.
Мұның бәрі, перделі арман,-
құрбандарың бұрынғы!
Мен тұншығам боран қамап,
шуақ қайда күнгейлі?
Ал жатқандар маған қарап:
«Тіріл қайта! Тұр!»—дейді.

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері