Абыржу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Абыржу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1725
(аударма)

Билеп жүрген біздер ме,
көлеңке ме, елес пе?
Түс секілді күндер де...
Сен ғанасың тек есте.
Не күйдемін — таңданам,
сен де ұға алмай іркілдің.
Бетпердеден баураған
жанары екен бұл кімнің?
Қол ұстасып жүрміз бе –
өңім бе әлде түсім бе?
Жүргендеймін күндіз де
қошқыл түннің ішінде.
Өз жолымнан сен мені
тайдырдың ба шырқап ән?
Құштарлық па мендегі
Ақ дауыл боп бұрқаған?
Алдың, перде, барымды –
өзіңде асқақ ән қалды.
Қайтар маған жанымды,
қасіретімді бал дәмді!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері