Бейнем-ау (2 ­нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бейнем-ау (2 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1320
Үш қиян — біздің елдің қияны-ай-ау,
Даусыңды ести алмадым қиядағы-ай-ау.
Болғанда сіз ақ сұңқар қиядағы-ай-ау,
Талпынған мен балапан ұядағы-ай-ау.
О-о-оу, Бейнем-ау-ай.

Үш қиян — біз қонған жер самалдағы,
Бір көрмеу ақ жүзіңді обал дағы
Бейнем-ау, көз жаздырып кеттің қайда,
Гүл меңзес көбелектей көгалдағы?!

Жан едің төрде бұлбұл сайратқандай,
Өткіздік аз қызықты ойнап қанбай.
Ауылдан қыз кеткен соң — қызық кетер,
Қалды елің қара бұлтқа ай батқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері