Өлімге бел шешу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Өлімге бел шешу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1492
(аударма)

Жүрегім өлім сұрайды,
сұрайды менен оңаша.
Өмірден кетсе шырайлы,
өкінер емес ол аса.
Бұлақтай баурап сен мені
әкелдің мынау құрдымға.
Алдымда - тылсым өрнегі,
Қараңғы түнек, түн мұнда.
Көзіңмен мені байладың,
өптің де түннің төрінде.
Өмірдің бұзып қаймағын,
итердің мені өлімге.
Ұқсам да сенің жазаңды,
қуандым тіпті балаша:
Қайғылы мұндай ажалды
қайтемін жүрек каласа?

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері