Дауыл - менің жүрегімнің аңсары – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Дауыл - менің жүрегімнің аңсары» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1209
(аударма)

Сұқ найзаны, төк терді –
шықсын естен күлкі де!
Самға, түнек от демді,
қар шапанды сілкіле!
Өлтір мені, айбаттан,
жақындатпа таңды алғы,
Мен де бір кез жайратқам
жанға жақын жандарды.
Сүйгендерді жат қылдым,
ұмыт бәрі бүгінде.
Жүрегімді лақтырдым –
жатыр тылсым түбінде.
Найза жанар, қадал да
түйре, есімнең танайын.
Өрте мені алауға –
өз еркіммен жанайын!

АЛЕКСАНДР БЛОК


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері