Тәрбиеші – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тәрбиеші» атты Фариза Оңғарсынова жазған ұстаз туралы өлең берілген.

Ән салғызып, билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойната да біледі.

Қызық-қызық ертектер
Біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те
Сол апайға көнеді.

Бастап бізді далаға,
Серуенге де шығады.
Біз шомылсақ жағада
Байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз,
Үлкендерге сенеміз.
Бұл тәтені бәріміз
Сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын,
Тәрбиеші апайды
"Қамқоршысы баланың"
Деп ауылда атайды.


Пікірлер (4)

Зухра

Керемет

Жанар

Оңайлары барма шумағы көбірек керек өтініш

Каусар

Керемет

ZHANERKE

ӨТЕ КҮШТІ

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері