Сарқылу білмес Ертістей – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Сарқылу білмес Ертістей» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1566
Қалижан Бекхожинге

Тонды бұрын тоздырған,
Жасымды несін сатайын.
Жетпісіңе бұл жырды,
Ақ жамбы етіп атайын!
Салютім болсын бұл менің,
Жұлдыздай шоқ-шоқ жарқылы
Сәлемім болсын ғасырға,
Қазақ жыры арқылы.
Тумайды ешкім туғанда
Батыр боп, не классик.
Өлең-жырдан басталған
Мені мен сенде құрдастық.
Тарпаңдаған қаламмен
Талпына жортып сырластық.
Тереңге жырды тоғытып,
Алыстардан сыр аштық.
Талмаушы едік сонда біз
Айға самғар қанаттай.
Сан бұлбұл боп жазды-күз
Сайраушы едік таң атпай!
Серілік те құрдық біз,
Сергек жортып сайғақтай,
Қайтпаушы едік біріміз,
Жұлдыздар сөніп, ай батпай.
Қуанышты, қайғыны
Қылдай ортақ бөлістік.
Туар жырдың қай күні, —
Өрнегін бірге өрістік!
Қалтқысыз айтып қам сандық,
Болса бір жырда кемістік.
Жақсы өлең үшін дос жүрек,
Ащы да сынға көністік.
Адал сынмен келістік,
Арам сынмен керістік.
Өтірікпен сайыстық, —
Салғыластық, тебістік!
Өлеңді қатар өрбіттік,
Жарысып та жекелеп.
Түптен шауып дуламай,
Көргеміз жоқ «төтелеп».
Жағынуды білмедік
Біреуді жалған «көкелеп»,
Ғашығымыз — сұлу жыр,
Тағдыр қосқан некелеп.
Жас қайрат едік, қайранда
Күресте өстік, өртте өстік.
Кешегі қанды майданда,
Екеуміз де от кештік.
Жүректей жомарт күн жатқан,
Уақыт саған ырзамыз!
Алуға да өмірден,
Беруге де мырзамыз.
Жезтаңдай ақын от жігер
Жетпісіңде де көктедің:
Жамандық көрмей жасай бер,
Алысшыл алғыр өктем үн!
Кең даланың төсінде
Кең тынысты халықтың
Жыр теңізін кешуде,
Хақың бар бүгін айтуға:
«Өзім де мен бір тарихпын!»
Сапырып аққан тау-тасты,
Сарқылу білмес Ертістей:
Самғай бер Тарлан ақын дос,
Аққаптал жырдан ер түспей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарқылу білмес Ертістей өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Сарқылу білмес Ертістей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарқылу білмес Ертістей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарқылу білмес Ертістей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері