Өлең, жыр, ақындар

Мықтылар

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4923
Қамыс болар күн келеді құраққа.
Қар түседі кешегі көк қыратқа.
ГАИліктің таяғындай леп белгі
Айналады бүктетілген сұраққа.
Адам байғұс шөжейін деп шөже ме?!
Амалы жоқ жеткеннен соң межеге.
Анау жылғы қыз махаббат күлім көз
Айналады мәужіреген әжеге.
Кейбір жастар һәм бөбектер бейкүнә,
Күле қарар әжім-әжім сиқыңа.
Бірте-бірте, бірте-бірте мына ұйқы
Айналады анау үлкен ұйқыға.
Қарап қалмас әдеп сақтап іркіліп,
Кеуде қағар кәріліктің күркілі.
Шөге-шөге, шөге-шөге дәу тұлғаң
Айналады төмпешікке бір күні.
Сияқты сол шөгіп жатқан жүкті нар
Төмпешікке
Шыққан шөпке шық тұнар...
Бірақ, бірақ Адамға бұл дауа жоқ —
Ескерткіш боп тұрып кетер мықтылар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айна алдындағы ару

  • 0
  • 0

Айнадағы ажарына арайлы
Айдай ару ұзақ-ұзақ қарайды.
Асқар таудан ақтарылған өзендей
Ағын шашын алдына алып тарайды.

Толық

Ащы

  • 0
  • 0

Түз желіне желбіреткен тұлымын,
Тұзды жердің, тұзды судың ұлымын.
Өтіріктің алдында мен патшамын,
Ал бірақ та ақиқаттың құлымын.

Толық

Ит

  • 0
  • 0

Нанымды көрсетіп,
Үнімді өшірдім.
Бірақ ит арс етіп,
Зәремді ұшырды.

Толық

Қарап көріңіз