Өлең, жыр, ақындар

Вальс

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5128
Ойналда кенет толқынды вальс,
Қасымда менің болмады таныс.
Жалғаздан-жалғыз бір өзім шетте
Отыра бердім қадалып көпке.
Қабысқан құшақ – қыз бенен жігіт,
Балаға ұсап, жадырай күліп,
Толқында жүрген қалтқыша қалқып,
Тербеліп бимен, барады балқып.
Тоқиды көңіл, толқиды вальс,
Күлкісіз, үнсіз отырмын жалғыз.
Жайдары жандар өзімен-өзі,
Түспеді маған ешкімнің көзі.
Қайтпақ боп енді қозғалған шақта,
Көрдім ғой сені екнші жақта.
Дуалға жеке сүйеніп тұрдың,
Ойымды бірден өзіңе бұрдың.
Тағы та таныс ойналды вальс,
Самғады қиял шарықтап алыс.
Бата алмай біраз тұрдым да қарап,
Жақындап бардым – таппадым тағат.
Шақырдым биге ізетті леппен,
Қолыңды бердің, қақпадың беттен.
Жалындап жүрек, ырғалып еппен,
Дөңгелеп кеттік көңілді көппен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәкаппар терек

  • 0
  • 0

Тоғайда бір Терек тұрды,
Өзге ағаштан ерек тұрды.
Өйткені, ол биік тұрды,
Көкте бұлтқа тиіп тұрды.

Толық

Бар екен ғой...

  • 0
  • 0

Мына дүние деп жүрсем тар екен ғой,
Шетсіз-шексіз кең әлем шар екен ғой.
Ата даңқын аяққа таптатпайтын
Бар екен ғой жігіттер, бар екен ғой.

Толық

Біздің күрес

  • 0
  • 0

Мынау өмір күрестерден құралған,
Күрестермен орындалған ұлы арман.
Қан төгілген топырақтан – құнардан
Қызғалдақтар бойын түзеп, бұралған.

Толық

Қарап көріңіз