Тып-тынық бір түн еді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тып-тынық бір түн еді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1607
Тып-тынық бір тамылжыған түн еді,
Жұлдыз біткен жымың қағып тұр еді.
Екі ғашық бір-біріне сыр ашып,
Балдай ұйып бақ ішінде жүр еді.
Арайланып ақ махаббат алғашқы,
Армандары армандарға жалғасты.
Екі жауыз шыға келіп кенеттен,
Жас жігіттің жағасына жармасты.
Екі жауыз жатты бүріп қосылып,
Шынымен-ақ үзілмек пе қос үміт?
«Құтқарыңдар сұмдықтан!» – деп сонда қыз,
Айқай салды жаны қатты шошынып.
Елдің бәрі жатқан кезде ұйқыда,
Жауыздардың қарашы бұл сиқына.
Бір жігіт кеп арашаға ұмтылды,
Табан асты қалмақшы ма күй тына?
Тамылжыған тыныштық боп тілегі,
Жеті түнде жалғыз жүрген кім еді?
Жиырмаға жаңа толған жас жігіт
Полиция күзетінде тұр еді.
Жауыздармен жағаласып жүргенде,
Жас лейтенант құлап түсті бір демде.
Қарақшылар қадап еді қанжарын,
Айуандар аяуды әсте білген бе?
Шаттығы үшін, бақыты үшін басқаның,
Қас қағымда қиып кетті жас жанын.
Қос өмірді қорғап қалды алайда,
Полиция лейтенанты жас жалын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тып-тынық бір түн еді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тып-тынық бір түн еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тып-тынық бір түн еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тып-тынық бір түн еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері