Қосылу мен айырылу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қосылу мен айырылу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2226
Дүниенің ақ-қарасын біле-біл,
Өміріңді барша мәнді сүре біл.
Күн мен түннің алмасқаны секілді,
Қосылу мен ажырасу – бұл өмір.
Бір анадан туғанымен егіз боп,
Толқындарды қуғанымен теңіз боп,
Келе-келе екі айырлып кетеді,
Күнделікті күйкі тірлік негіз боп.
Бұл өмірде – қысқа ғана тірлікте
Некелесіп, жүргенімен бірлікте,
Қас қағымда қосағынсыз қалады,
Жүрек тоқтап, кеудесінен үн бітсе.
Бұл өмірдің қаталдығы осы да –
Ей, адамдар, ақиқаттан шошыма.
Қиын-қыстау күн туса егер басыңа,
Тастап кетер жаным деген досы да.
Күнің бітіп, ажал жетсе табанда,
Арашашы бола алмайды анаң да,
Арашашы бола алмайды балаң да,
Бәрі солай, бәрі солай ғаламда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосылу мен айырылу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қосылу мен айырылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қосылу мен айырылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қосылу мен айырылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері