Көңіл деген көл ме еді? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көңіл деген көл ме еді?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2544
Көңіл деген көл ме еді?
Көңіл деген шөл ме еді?
Көңіл деген әлде бір –
Бал шараптың шөлмегі?
Көңіл шалқар мендегі,
Пейіл деген кең тегі.
Құшқым келіп тұрады,
Аймалап бар пендені.
Қалса көңіл мендегі,
Пейілдің тар шеңбері.
Тыжырынып, тырысып,
Жақтырмаймын өңгені.
Той-думанда көр мені –
Шағаламын көлдегі.
Шалқытады шабытты
Арулардың өңдері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл деген көл ме еді? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көңіл деген көл ме еді? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл деген көл ме еді? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл деген көл ме еді? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері