Екеуінен жаралғам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Екеуінен жаралғам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1428
Әкем менен анамды
Бөліп айта алам ба?
Екеуіндей адамды
Бұл әлемнен табам ба?
Мен өмірге шыр етіп,
Тулап түскен кезден-ақ,
Үлбіреген гүл етіп,
Аялаған бөзге орап.
Содан барлық шақта анам
Бала жайын қамдаған.
Содан тыным таппаған,
Әр күнімді аңдаған.
Әке-дағы сол шақтан
Бала қамын ойлаған.
Арманым деп аңсатқан,
Тұсаукесер тойлатқан.
Анам менен әкемнің
Базарына айналғам.
Күлкі үйрілген шат өңнің
Ажарына айналғам.
Екеуінің көңілді
Тірлігіне айналғам.
Отбасының өмірлік
Бірлігіне айналғам.
Екеуінің тілегі –
Дастанына айналғам.
Арқа сүйер тірегі –
Асқарына айналғам.
Екеуінің таңғы үміт –
Шырасы боп таралғам.
Екеуінің мәңгілік
Мұрасы боп қала алғам.
Артық жан жоқ әлемде
Әкем менен анамнан.
Өйткені, мен әуелде
Екеуінен жаралғам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екеуінен жаралғам өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Екеуінен жаралғам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екеуінен жаралғам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екеуінен жаралғам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері