Сезіну – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сезіну» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Кейбір сәт шулы топқа кезігемін,
Отырып ойсыздармен езілемін.
Санамды сауықтырар саңлау таппай,
Мен сонда жалғыздықты сезінемін.
Кейбір сәт той-думаннан безінемін,
Алапат жан дүниесін кезінемін.
Өлмейтін өзек тауып кітаптардан,
Мен сонда көптігімді сезінемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері