Дала жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Дала жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1711
Дөңгеленген дала бұл –
Қырында өскен лала гүл.
Жауқазынын жыр етіп,
Омыруға таға біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Бесіктегі бала бір.
Тәтті әуенмен тербет те,
Тәрбиелеп баға біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Дариядай дана бір.
Ақылына арымас
Құлағыңды сала біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Ақ пейілді ана бір.
Сенен несін аясын,
Бар бергенін ала біл.
Дөңгеленген дала бұл –
Астықты өлке, алабың.
Тыңдарына түлеген
Тамашалай қара бір.
Дөңгеленген дала бұл –
Жасыл жайлау танабың.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәнге толар шанағың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Дала жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері