Жер сатылмайды – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жер сатылмайды» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1077
Алты күнде аспанды,
Жеті күнде жерді бұл
Жаратумен басталды
Бір Алланың кеңдігі –
Жер сатылмайды!
Меңгерсін деп жерді мол,
Алла бізге сыйлаған.
Содан бері енді сол
Жерге ие күллі адам –
Жер сатылмайды!
Қанын төгіп бабалар,
Жерді жаудан қорғаған.
Жерді пұлдап, бағалап,
Сату деген болмаған –
Жер сатылмайды!
Жер – жұмағың, бесігің,
Сонда мәңгі жатамыз.
Алла берген несібін –
Жерді қайтіп сатамыз? –
Жер сатылмайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер сатылмайды өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жер сатылмайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер сатылмайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер сатылмайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері