Өмір өткелдері – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмір өткелдері» атты Абдрахман Асылбек жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3191
Бесік пен дымқыл жөргегің –
Түн бойы ұйқы көрмеуің.
Ойыншық, тынбай жүгіріс –
Балабақшаға жүгініс.
Тәрбие берген мектебің –
Алаңда допты тепкенің.
Өмірің арғы тек емес:
Жағалас, ұрыс, төбелес.
Институт, жасыл көктемің –
Қыздарды құшып-өпкенің.
Сессия, сынақ, диплом –
Сыралы қызық күй кілең.
Махаббат, ынтық күндерің –
Ұйқысыз өткен түндерің.
Қақпанға түсіп үйлену –
Енеңмен қапас күйге ену.
Жанжал да керіс, ішкілік –
Жаз бен күз, қысқы үскірік.
Баланың түнгі жылауы –
Мазалар сені тұмауы.
Кафеде өткен небір кеш –
Көкейден кетпес көңілдес.
Аталап ерген немере –
Алысқа тартқан кеме де.
Көзілдірік, қан қысым –
Тартқызған өмір талқысы.
Күн санап артқан кеселің –
Аяқтан алар төсегің.
Таусылып бір күн талқаның,
Ажалы жетер Алланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір өткелдері өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өмір өткелдері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір өткелдері өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір өткелдері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері